1. Жоғары оқу орындары оқытушылары жоғары білім берудің негізгі субъектісі ретінде
- Author
-
A T. Omarova, A. M. Chinasilova, and C. A. Аmitov
- Subjects
жоғары білім ,жоғары білім субъектісі ,интеллектуалды еңбек ,интеллигенция ,профессор- оқытушы кадрлар ,зерттеушілік іс-әрекет ,Psychology ,BF1-990 ,Sociology (General) ,HM401-1281 - Abstract
Жоғары оқу орнының негізгі іс-әрекеті білім беру қызметін ұсыну болып табылады. Білімнің сапасы немесе еңбек нарығыда сұранысқа ие маман болу, ең алдымен, оқытушылардың жұмысымен тікелей байланысты. Сондықтан да оқытушылардың жұмысын бақылау әрі бағалау білім беру сапасын басқарудағы аса күрделі және маңызды мәселелердің бірі. Сол себепті мақалада жоғары оқу орындарының оқытушылары жоғары білім берудің негізгі субъектісі ретінде жан-жақты қарастырылады. Оқытушылардың жоғарғы оқу орнындағы жұмысын бағалау критерийлері бір жүйеге келтірілмеген. Осыған орай, білім беру мекемелеріндегі педагогика саласындағы қызметкрелерге қойылатын талаптардың тіміздері әрқилы болып келеді. Сонымен бірге оқытушылардың қоғам құрылымындағы орны, қызметтерінің ерекшелігін қарастырумен бірге, оқытушылардың қоғамдағы орнын, рөлін, статусын сипаттайды. Оқытушылардың әлеуметтік орны мен оларды қазіргі қазақстандық білім беру жүйесіндегі өзгерістерге орай даярлаудың өзгешеліктері қарастырылады.
- Published
- 2013