1. ҰНДЫ КОНДИТЕР ӨНДІРІСІНДЕ КОМПОЗИТТІК ҚОСПАНЫ ҚОЛДАНУ
- Subjects
бидай ұны ,ноқат ,жасымық ,қант қызылшасының ұнтағы ,композиттік қоспалар ,Technology (General) ,T1-995 - Abstract
Қазіргі уақытта азық-түліктің биологиялық құндылығын арттыру тенденцияларының үйлесімі өндірушілерді кондитер өндірісі үшін өсімдік шикізатының жаңа дәстүрлі емес көздерін іздеуге мәжбүр етеді. Кондитерлік өнімдерді өндірудің тиімді бағыттарының бірі – печенье өндірісінде композиттік қоспаларды қолдану болып табылады. Мақалада композиттік қоспаның дайын өнімнің органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштеріне тигізетін әсері, алынған созылмалы печеньенің тағамдық құндылығы зерттелген. Зерттеу нәтижелері бойынша композиттік қоспамен жасалған қосылған созылмалы печеньеде бақылау өнімімен салыстырғанда майдың мөлшері – 1,11 есеге, ақуыз – 1,31 есеге, кальций – 1,29 есеге, калий – 1,21 есеге, темір – 1,84 есеге, фосфор – 1,42 есеге дейін өсетіндігі анықталды. Нәтижесінде композитті ұнды қосу арқылы дайындалған созылмалы печеньенің тағамдық құндылығы және құрамында адам ағзасында маңызды рөл атқаратын микро- және макроэлементтердің мөлшері жоғары болатындығы дәлелденді.
- Published
- 2022